Қазақстанда еркін әрі әділ сайлау өтіп жатыр – халықаралық байқаушы
Халықаралық байқаушының пікірінше, елдегі дауыс беру процесі халықаралық сайлау талаптарына сай өтіп жатыр.
Астанадағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру барысын бақылаған Индонезия Республикасының халықаралық байқаушысы Мохамад Фаджроэл Рахман Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол ең алдымен Қазақстан халқын, Үкіметін және Президентін Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады.
«Қазақстанда демократиялық қағидаларды жүзеге асырып, Құрылтайдың жалпыға бірдей сайлауын өткізіп отырғаны үшін ел Үкіметі мен халқын, сондай-ақ Қазақстан Президентін құттықтағым келеді», – деді Мохамад Фаджроэл Рахман.
Халықаралық байқаушының пікірінше, елдегі дауыс беру процесі халықаралық сайлау талаптарына сай өтіп жатыр.
«Менің байқауымша, халықаралық сайлау өлшемдері тұрғысынан Қазақстанда еркін әрі әділ сайлау өтіп жатыр. Менің ойымша, ең маңыздысы да – осы. Өйткені Қазақстан халқы өзінің демократиялық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Азаматтар дауыс бере алады, өз таңдауын жасай алады және өздері де сайлана алады», – деді ол.