Қазақстанда энергияны тиімді пайдаланудың германиялық технологиясы енгізілмек

Астанада Энергетикалық сектор кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара аясында Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы, "Aqua-MOL GmbH" шетелдік компаниясы және Халықаралық технологиялар мен құзыреттілік орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Қазіргі кезде еліміз энергетика саласындағы инновациялық жобаларды енгізуге ашық. Соның бірі - жылу электр орталықтарының жылу қазандықтарын қуаттандыру үшін техникалық суды пайдалану. Себебі жылыту маусымында су жылыту қазандығының тұрақты жұмыс істеуі үшін көп мөлшерде су қолданылады.

Ел көлемінде тұтыну көлемі жүздеген есе артып келеді. Мұндай технологияларды пайдалану су ресурстарын тұтынуды қысқартуға мүмкіндік береді, - деп есептейді Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов.

Сондай-ақ құжат аясында басқа да инновациялық жобалар ұсынылды. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, «MOL®Clean» және «АQUA ®LIK» неміс технологиясы су дайындау жүйелерінің, салқындатқыш мұнаралардың және қалалық жылу желілерінің биологиялық ластануымен күресуге мүмкіндік береді. Мұндай жобаларды енгізу жүйеге аз жүктеме есебінен жабдық жұмысының тиімділігін арттыруға және энергия үнемдеуге ықпал ететін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы
Өзгелердің жаңалығы