Қазақстанда ең үздік сапалы қызмет көрсетуші анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік сапалы қызмет көрсетуші байқауының жеңімпазы атанды. Жеңімпазға диплом мен естелік сыйлық табысталды. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауы өткізілді.
Байқау мемлекеттік қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген қызметшілерді ынталандыруға және де мәртебесін арттыруға бағытталған.
Бас жүлдені ауылдағы мектептерден бастап, орталық мемлекеттік органдарға дейін 424 мемлекеттік орган мен ұйым сарапқа салды.
Байқауға өз жұмысын тиімді көрсеткендер ғана іріктеуден өтті. Арнайы құрылған комиссия Қазақстанның ең үздік сапалы қызмет көрсетушілерді анықтады.
Сондай-ақ ерекше қошеметке ие болғандардың қатарында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы да бар.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, осындай байқау енді жыл сайын өткізілетін болады.
Сонымен қатар жылдың үздік мемлекеттік қызметкері ретінде Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева анықталған.