Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін
Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өсуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өсуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, 2024 жылы алғаш рет ЕТЖ есептеудің жаңа әдістемесі бекітілген. Жаңа тәсіл үш негізгі көрсеткішке негізделген:
- еңбек өнімділігі,
- нарықтағы медиандық жалақы мөлшері,
- инфляция деңгейі.
Қазір бірнеше ғылыми-зерттеу институты өңірлер мен салалар бойынша кешенді зерттеу жүргізіп жатыр. Олар еңбек өнімділігі мен медиандық жалақы бойынша нақты көрсеткіштерді анықтайды. Дәл осы деректер негізінде жаңа ең төменгі жалақы есептеледі, – деді Жақыпова.
Журналистердің "жалақы қаншаға өседі?" деген сұрағына жауап берген министр нақты сандар зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болатынын айтты. Дегенмен, ЕТЖ мөлшері 2024 жылдың соңына дейін бекітіліп, 2026 жылдың басында күшіне енуі тиіс екенін нақтылады.
2025 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге (2024 жылдағыдай); айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге (қазір 3692 теңге); зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге) екенін еске сала кетейік.
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29
- АҚШ Ирандағы демонстранттарға Starlink терминалдарын жеткізген 00:30
- Ақтауда полицей қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды 12.02.2026
- Қазақстан Дүниежүзілік банкпен 2031 жылға дейінгі стратегияны пысықтауда 12.02.2026