Қазақстанда ең көп мигрант тұратын қала белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев ОКҚ-да өткен брифингте ішкі көші-қон мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ішкі көші-қонда еңбек ұтқырлығындағы белсенділіктің өсуі байқалып отыр. Ел аумағында қоныс аударушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 26 %-ға өсті. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ішкі көші-қонға 733 мың адам қатысты. Оның ішінде – облысаралық қоныс аударуда 338 мың адам, - деп айтты Ертаев.
Оның сөзінше, мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді.
Мәселен қаралып отырған кезеңде Астана қаласына тұрақты тұруға 74 мыңнан астам адам, Алматы қаласына – 67 мың адам, Шымкент қаласына – 30 мың адам келді. Астана қаласына келушілер саны бойынша өсу қарқыны басқа мегаполистерден алда тұрғанын айту керек, - деп түсіндірді комитет басшысы брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанға келген қандастардың қоныс мәселесі қалай шешіледі
Өзгелердің жаңалығы