Қазақстанда ең арзан iPhone 17 бағасы қанша?
Қазақстандағы Apple-дің ресми серіктестері жаңа iPhone 17 желісінің бағасын жариялады. Модельдер әртүрлі жады көлемінде қолжетімді болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Базалық iPhone 17 бағасы 624 990 теңгеден басталады, ал ең жоғарғы нұсқа – iPhone 17 Pro Max 2 ТБ – 1 574 990 теңгеге дейін барады.
Толық тізім:
• iPhone 17 256 ГБ – 624 990 теңге;
• iPhone 17 512 ГБ – 789 990 теңге;
• iPhone 17 Air 256 ГБ – 779 990 теңге;
• iPhone 17 Air 512 ГБ – 944 990 теңге;
• iPhone 17 Air 1 ТБ – 1 104 990 теңге;
• iPhone 17 Pro 256 ГБ – 859 990 теңге;
• iPhone 17 Pro 512 ГБ – 1 024 990 теңге;
• iPhone 17 Pro 1 ТБ – 1 184 990 теңге;
• iPhone 17 Pro Max 256 ГБ – 934 990 теңге;
• iPhone 17 Pro Max 512 ГБ – 1 104 990 теңге;
• iPhone 17 Pro Max 1 ТБ – 1 259 990 теңге;
• iPhone 17 Pro Max 2 ТБ – 1 574 990 теңге.
Алдын ала тапсырыс 2025 жылдың 19 қыркүйегінде, жұма күні, сағат 00:01-де басталады. Смартфондар ресми Apple кепілдігімен 26 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.
Айта кетейік, АҚШ-та бағалар 600 доллардан (324 мың теңге) басталады. Ал PRO нұсқасы шамамен 594 мың теңге тұрады.
Еске салайық, бұған дейін жаңа iPhone 17-нің бағасы қанша теңге болатынын жазғанбыз.
Сондай-ақ, Қазақстанда iPhone 17 сатылымға қашан шығатыны белгілі болды.