Қазақстанда электромобильдерді қуаттайтын 43 станция іске қосылды

Қазақстанда электромобиль иелеріне арналған инфрақұрылым қарқынды дамуда. Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдарда 43 заманауи жылдам қуаттау станциясы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында электрқуаттау станцияларының (ЭҚС) желісін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бастама экологиялық таза көліктің дамуына жол ашып, жүргізушілердің сапарын қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге бағытталған. Бүгінгі күні еліміз бойынша 43 заманауи жылдам қуаттау станциясы іске қосылған, - деп жазылған "ҚазАвтоЖол" ҰК хабарламасында.

Олар еліміздің өңірлерін байланыстыратын негізгі бағыттарда орналасқан және электркөліктердің басты көлік дәліздері арқылы кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді. 

Электрқуаттау станцияларының орналасқан орындары: 

1. KAZ06 "РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)" – 18 ЭҚС: 

• АйшаБибі (535 км) – GasEnergy (160 кВт), Royal Petrol (160 кВт) 

• Тараз (475 км) – Royal Petrol (160 кВт), GasEnergy (160 кВт) 

• Ақтоған (350 км) – QazaqOil (160 кВт) 

• Меркі (348 км) – GasEnergy (160 кВт) 

• Қордай (214 км) – QazaqOil (160 кВт); (212 км) – Royal Petrol (160 кВт) 

• Кенен (157, 158 км) – GasEnergy (160 кВт), Royal Petrol (160 кВт) 

• Ақтерек (128 км) – QazaqOil (160 кВт) • Алматы (26 км) – Compass (160 кВт) 

• 2253 км – Royal Petrol (160 кВт) • Шелек (127 км) – GasEnergy (160 және 80 кВт) 

• Қызылорда (Бірқазан, 1831 км) – GasEnergy (160 кВт) 

• Жайылма (1984 км) – GasEnergy (160 кВт) 

• 1359 км – QazaqOil (160 кВт) 

2. Шымкенттің солтүстік айналма жолы (KZ17-01) – 2 ЭҚС: 

• 2262 км – Royal Petrol (160 кВт) • 2264 км – Royal Petrol (160 кВт) 

3. Байсейіт – Көкпек – Шонжы – Көктал (KAZ05-01) – 1 ЭҚС:

• Жібек Жолы ӨП (90 кВт) 

4. Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское (KZ05-10) – 1 ЭҚС: 

• 42 км – QazaqOil (160 кВт) 

5. А-3 "Алматы – Өскемен" – 3 ЭҚС: 

• Қонаев (72 км) – QazaqOil (160 және 80 кВт) 

• Алматы (26 км) – Helios (160 кВт) 

6. KAZ01 "Екатеринбург – Алматы" – 8 ЭҚС: 

• 115 км – QazaqOil (160 кВт) 

• Астана (Жібек Жолы, 1284 км) – Compass (320 кВт) 

• Қарағанды (1456, 1496 км) – QazaqOil (160 кВт), GasEnergy (320 кВт) 

• Ақшатау (1706 км) – QazaqOil (320 кВт) 

• Балқаш (1853 км) – QazaqOil (320 кВт) 

• Бурылбайтал (2152, 2131 км) – QazaqOil (160 кВт), Royal Petrol (160 кВт) 

7. А-1 "Астана – Петропавл" – 6 ЭҚС: 

• Астана (18, 20 км) – GasEnergy (160 кВт), QazaqOil (160 кВт) 

• Шортанды (74 км) – QazaqOil (320 кВт) 

• Ақкөл (104 км) – QazaqOil (320 кВт)

• Щучинск (234 км) – QazaqOil (2 ЭҚС, 320 кВт) 

8. А-17 "Астана – Павлодар – Успенка" – 1 ЭҚС: 

• Шідерті (1217 км) – QazaqOil (160 кВт) 

9. KAZ19 "Қостанай – Рудный – Денисовка – Қарабұтак" – 1 ЭҚС: 

• Рудный трассасы (547 км) – QazaqOil (160 кВт) 

10. KAZ23 "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" – 1 ЭҚС: 

• Әулиекөл (105 км) – QazaqOil (160 кВт) 

11. А-16 "Жезқазған – Петропавл" – 1 ЭҚС: 

• 952 км – Лукойл (Эталон Регион) (180 кВт). 

Осылайша, елімізде электромобильдерге арналған қуаттау станцияларының желісі қарқынды кеңеюде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы