17 Қараша 2026, 22:53
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда электромобильдер саны 43 мыңнан асты
Электромобильдер ең көп шоғырланған өңір – Алматы қаласы.
2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда электр қуатымен жүретін 43 056 көлік құралы тіркелген. Бұл елдегі жалпы көлік санының 0,7 пайызына тең.
Электромобильдер ең көп шоғырланған өңір – Алматы қаласы. Мұнда 22 065 электрлі көлік тіркелген.
Көрсеткіш бойынша екінші орында Астана қаласы тұр. Елордада 3 662 электромобиль бар. Ал Алматы облысында – 3 120, Ақмола облысында 1 805 электр қуатымен жүретін көлік құралы есепке алынған.
Осылайша, Қазақстандағы электромобильдердің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген.