Қазақстанда электр энергетикасы саласы қалай дамиды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның алқа отырысында министрліктің алдағы жылға жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында министрлік Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын қабылдады, оған сәйкес қолданыстағы жобаларды жаңғыртудың бірқатар жобаларын іске асыру, сондай-ақ шамамен 26 ГВт жиынтық қуатқа жаңа қуаттарды енгізу көзделген.

Қойылған жоспарларға сәйкес оңтүстік өңірлерде белгіленген қуаттылығы шамамен 2,3 ГВт газ генерациялау жобалары іске асырылып жатыр. 2025 – 2026 жылдары аяқталады. Жалпы қуаты 6,7 ГВт газ және көмір генерациясының қосымша жобалары, оның ішінде шамамен 2,4 ГВт маневрлік генерацияны іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық шеңберінде іске асырылады, - деді Алмасадам Сәтқалиев жиында.

Мемлекет басшысының Катарға сапары аясында Қызылорда облысында қуаты шамамен 1,1 ГВт бу-газ қондырғысын салу жобасын іске асыру жөніндегі қағидаттар туралы келісімге (Heads of Agreement) қол қойылды.

Көкшетау (Э/м – 240 МВт, т/м – 520 Гкал/сағ), Семей (э/м – 360 МВт, т/м – 1200 Гкал/сағ) және Өскемен (э/м-360 МВт, т / м-1002 Гкал / сағ) қалаларында көмір ЖЭО салу жобалары бойынша Ресеймен ЖПҚ жасасу жоспарда бар, ЖЭК-тің 15% үлесіне қол жеткізу мақсатында 2030 жылға қарай жиынтық қуаттылығы 6 ГВт – тан жоғары жыл сайынғы аукциондық сауда-саттықты өткізу, сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен ауқымды жобаларды іске асыру қамтамасыз етіледі.

Осылайша, Total Energies (Франция), Acwa Power (Сауд Арабиясы) және Masdar (БАӘ) компанияларымен бірлесіп жалпы қуаты 3 ГВт ЖЭК жобаларын іске асыру басталды.

2024 жылға арналған жоспарлар:

- Батыс Қазақстанның электр желілерін БЭЖ-ге қосу жобасы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады (жоба елдің энергия қауіпсіздігін арттыруға және елдің энергия теңгеріміне батыс облыстарының газ қуаттарын тартуға мүмкіндік береді);
- Екібастұз ГРЭС-1 (500 МВт) бірінші энергия блогын қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны аяқтау;
- Топар ГРЭС (130 МВт) және Атырау ЖЭО (65 МВт) қосымша қуаттарды іске қосу;
- жалпы қуаты 259 МВт ЖЭК 11 объектісін енгізу;
- энергия объектілері мен электр беру желілерінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Энергетика министрінің сөзінше, 2024 жылға 10 энергоблокты, 55 энергетикалық қазандықты және 45 турбинаны күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр беру желілерінде жөндеу жұмыстары және 423 қосалқы станцияда жөндеу жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы