Қазақстанда екінші АЭС қай жерде салынады?

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Үкімет агенттікпен бірге алаңды анықтауға тиіс.

Заңнамаға сәйкес, біз Энергетика министрлігімен бірігіп консультациялар өткізудеміз. Басты анықтаушы фактор – ұлттық энергия жүйесін орналастырудың тұрақтылығы мен болжалды энергия тапшылығы. Алдын ала болжамға сәйкес, біз екінші станция елдің оңтүстігінде салынуы қажеттігін көріп отырмыз. Сонымен қатар шығыс пен батыс өңірлерді де зерттеп жатырмыз. Олар да перспективалық алаң болып саналады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі АЭС-тің құрылысын қазірден жоспарлау керегін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы