Қазақстанда екі мың бала тегін ұша алады
2023 жылы Қазақстанда екі мың бала тегін ұшуға мүмкіндік алуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Оралов алдағы жоспарларды бөлісіп, Kids Go free бағдарламасы қызметін пайдаланатындар санын 2 мыңға жеткізу керегін айтты.
Былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды. Бұл аз деп ойлаймыз. Сондықтан биыл біз 2 мың балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейміз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер, - деп айтты Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің сөзінше, сонымен қатар Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде әкімшілік заңнама қалай жетілдіріледі
Өзгелердің жаңалығы