Қазақстанда доллар қайта арзандай бастады
15 желтоқсанда Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қандай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 519,61 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,63 теңгеге төмен.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 желтоқсанға арналған ресми бағамы 1 доллар үшін 522,38 теңге болып белгіленген.
Еске салсақ, 4 желтоқсанда KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 499,65 теңге болған. Осылайша, курс нарық үшін маңызды саналатын 1 доллар 500 теңге деген «психологиялық межеден» төмен түскен еді.
kurs.kz дерегінше, қазіргі кезде Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы мынадай:
Алматыдағы айырбастау пункттері:
- сатып алу – 516,83 теңге,
- сату – 519,99 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттері:
- сатып алу – орта есеппен 514,57 теңге,
- сату – 521,61 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да боран кезінде жоғалған 3 адамдың денесі табылды
Өзгелердің жаңалығы