Қазақстанда доллар арзандады
Қазақстанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы нығайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша, америкалық валютаның бағамы 0,09%-ға төмендеп, бір доллар 511,67 теңге болды.
Ұлттық банктің мәліметінше, 4 маусымға арналған ресми бағам – 1 доллар үшін 512,1 теңге.
Ал kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағасы орта есеппен 510,57 теңге, сату бағасы – 512,60 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 508,95 теңгеге сатып алып, 514,98 теңгеге сатып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да бес бала газдан уланып көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы