Қазақстанда денсаулық сақтауға 1 триллионнан астам қаржы бөлінген − Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тwitter-дегі парақшасында еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына қатысты пікірімен бөлісті.

«Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтуде. Биыл ол денсаулық сақтау қызметін жалпы қамтуға арналған. Қазақстанда денсаулық сақтауға республикалық бюджеттен 1 трлн 180 млрд теңге бөлінді. Көптеген жұмыс, оның ішінде Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында да іс жүргізілуде. Бірақ бұл жеткіліксіз», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды да атап өтті.

«Аймақтарда қазіргі уақытқа дейін қарапайым медициналық қызметтерге қол жеткізу қиын болып отыр. Осы салада жұмыс істеуді жалғастыру маңызды. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері менің жіті бақылауымда», - деді Президент.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы