Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 31 қаңтар және 1–2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Қазгидромет» мәліметі бойынша, тек елдің орталық және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстанның қалған бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Қар мен боран күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.
Әртүрлі өңірлердегі температуралық фон:
Солтүстікте: Түнде -12…-23°С, күндіз -8…-18°С;
Орталық аймақтарда: Түнде -5…-17°С, күндіз 0…10°С;
Оңтүстікте: Түнде +6…+7°С, күндіз +3…+13°С;
Оңтүстік-шығыста: Түнде 0…10°С, күндіз +3…+10°С, таулы аудандарда түнде -12…-17°С, күндіз -3…+2°С.
Елдің қалған аймақтарында температураның елеулі өзгерістері күтілмейді.