Қазақстанда Чехия елшілігі жанынан әскери атташенің өкілдігі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосында Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың Чех Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери атташесі полковник Павел Вармуспен хаттамалық кездесуі өтті.
Қазақстандық тарап Чехия мемлекетінің Қазақстандағы елшілігі жанынан әскери атташенің жеке аппараты ашылғанына ризашылығын білдірді. Полковник Олжас Құсайынов Қазақстан мен Чехия арасындағы әскери ынтымақтастықтың негізі қаланып келе жатқанын атап өтіп, оның іс жүзінде жанданатынына сенім білдірді.
Одан бөлек, талқылау барысында бітімгершілік, әскери білім және ғылым ауқымындағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша полковник Павел Вармусқа Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы жауапты қызметте сәттілік тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы