Қазақстанда былтыр әуе көлігімен 9,4 млн жолаушы тасымалданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қорытындысында қазақстандық әуе компаниялар тасымалдаған жолаушылар саны арғы жылмен салыстырғанда 71% артып, 9,4 млн жолаушы құрады деп хабарлады ИИДИ баспасөз қызметі.

Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 10% жоғары. 2019 жылғы барлығы 8,6 млн жолаушы тасымалданған еді. 

Отандық әуе компанияларының қызметін былтыр ішкі бағыттарда 7,6 млн, халықаралық бағыттарда 1,8 млн жолаушы пайдаланған.

Нақты әуе компанияларына қатысты айтсақ, Air Astana-ның жолаушылар ағыны 59% өсіп, 3,6 млн жолаушы тасымалданды. FlyArystan әуе компаниясының өсімі 109% құрады. Бұл шамамен 3,1 млн жолаушы. SCAT жолаушыларының саны 62%-ға артып, 2,1 млн-ға жетті.

Әуе қатынасы қалпына келтірілген сәттен бастап ішкі тасымалдар саны 12 бағытқа артты. Бүгінгі таңда елімізде 57 ішкі бағытта аптасына 605 рейс орындалады.

Халықаралық бағытта 25 елге (Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Германия, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Үндістан, Вьетнам) 79 бағыт бойынша аптасына 260 рейс ұшады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы