Қазақстанда былтыр 120,8 мың адам некелесіп, 40,2 мыңы ажырасты
2023 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 120,8 мың некені тіркеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9% аз, деп жазады BAQ.KZ.
Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары көп некелескен. Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды.
2022 жылмен салыстырғанда ажырасу саны 9,6% азайып, 40,2 мыңды құрады. Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1%), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9%) тіркелген. Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
16 мың адам үйлеріне оралды – ТЖМ
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы