Бүгiн 2026, 14:37 Фото: pixabay

Қазақстанда бұған дейін тыйым салынған шайды сатуға қайтадан рұқсат берілді

«Апамның шәйі Premium gold», «Орда Кения», «Аль-Кайрат шәйі Premium gold» шайлары қауіпті болмай шықты.

Қазақстанда бұған дейін бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулер алынды. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Orda Trade Astana» ЖШС-нің бірқатар шай өнімдерін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулерін алып тастады.

Шешім өнімнің өндірісі мен айналымының барлық кезеңдерінде сәйкестендіру мен қадағаланушылықтың қамтамасыз етілгенін растайтын материалдарды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары негізінде қабылданды. Шектеулер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес алынып тасталды, - деп хабарлады ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өнімдер тізбесіне мыналар енгізілді:

  • «Апамның шәйі Premium gold»;
  • «Орда Кения»;
  • «Аль-Кайрат шәйі Premium gold».

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда танымал шай брендтерінен қауіпті қоспалар табылған болатын.