Қазақстанда бизнес өнім шығаруды 25%-ға арттырды

Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы шағын және орта бизнес шығаратын өнім динамикасы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылдың алғашқы алты айында ШОБ субъектілері шығарған өнім көлемі 42,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 34,3 трлн теңге болған.

Ең көп шығарылған өнім мына өңірлерде тіркелді:

  • Алматы облысы – 5%;
  • Атырау облысы – 5,7%;
  • Қарағанды облысы – 4,6%;
  • Астана қаласы – 9,5%;
  • Алматы қаласы – 20,9%;
  • Шымкент қаласы – 4,7%.

Вице-министр атап өткендей, өнім шығарылымының өсуі бес негізгі салада байқалады:

  1. Сауда саласы – 12,6 трлн теңге (29,6%);
  2. Өнеркәсіп – 7,1 трлн теңге (16,7%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 5 трлн теңге (11,7%);
  3. Құрылыс саласы – 6,4 трлн теңге (15%);
  4. Транспорт және қоймалау қызметтері – 3 трлн теңге (7%);
  5. Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы – 1,6 трлн теңге (3,8%).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы