Қазақстанда биыл қандай автожолдар мен теміржолдар жөнделеді?
Қазақстанда көлік инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Теміржол инфрақұрылымы ауқымды дамуда. Қызылжар-Мойынты, Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол құрылысы жалғасуда. Алтынкөл – Жетіген, Жезқазған-Сексеуіл учаскелер жаңартылуда. Объектілердің құрылысы ағымдағы жылы бітеді. Вокзалдардың реконструкциясы жалғасатын болады, – дейді ол.
Автожолдар бойынша, барлық ірі жобалар қаржыландыру халықаралық қаржы ұйымдары арқылы іске асырылады.
Қызылорда – Жезқазған жобасы. Қалған 208 км учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы құрылысы бітеді.
Қызылорда – Ақтөбе. Биыл төрт жолақты автомобиль жолының құрылысын бастаймыз.
Бейнеу – Сексеуіл жобасы. Дайындық жұмыстар басталды. Технико-экономикалық негіздеме әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар.
Қарағанды-Жезқазған және Сарыағашты айналып өту жолы. Технико-экономикалық негіздеме бар, ағымдағы жылы екінші жартыжылдықта құрылысқа кірісеміз.
Олжас Абайұлы, аталған жобалар және халықаралық стандарттарға сәйкес автомобиль жолдарын жаңғырту мәселелері бойынша үш жылдық жоспарда бар, жұмыстар өткізіліп жатыр, – дейді Сауранбаев.