Қазақстанда бірыңғай QR 19 шілдеден бастап іске қосылады
Бірыңғай QR азаматтарға өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы кез келген сауда нүктесінде төлем жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда бірыңғай QR арқылы төлем жасау жүйесі 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ведомствода өткен брифингте айтты.
Оның сөзінше, жаңа жүйені Ұлттық QR немесе бірыңғай QR деп атауға болады.
Ресми түрде жүйе 19 шілдеден бастап іске қосылады. Алайда бұл күн жексенбіге сәйкес келгендіктен, бүгін оның негізгі мүмкіндіктерін таныстырып, жұмысын көрсетеміз, – деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы бірыңғай QR азаматтарға өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы кез келген сауда нүктесінде төлем жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Клиенттер өз банкінің қосымшасы арқылы кез келген банктің QR-сервисін пайдаланып, кез келген сауда нүктесінде және кез келген кәсіпкерге кедергісіз төлем жасай алады, – деді ол.
Тимур Сүлейменов жобаны іске асыру үшін ауқымды әрі күрделі жұмыс жүргізілгенін айтты.
- Суданда алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты 05:17
- Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді 04:26
- Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 03:41
- Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды 02:35
- Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты 01:28
- Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді 00:31
- Астанада оқушылар кітапты ЖИ-мен бірге талқылайтын жоба іске қосылды 16.09.2026