Бүгiн 2026, 10:15
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда бірнеше өңірде жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар мына автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық:
Ақмола облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16–200 шақырымы (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200–415 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Атамекен кенті);
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135–1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0–231 шақырымы (Қалқаман кенті – Қарағанды облысының шекарасы);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 0–152 шақырымы (Павлодар қаласы – РФ шекарасы);
- «Павлодар қаласының батыс айналма жолы (Ертіс өзені арқылы көпір өткелі)» 0–15 шақырым (Кенжекөл кентінен Ақсу жол айрығына дейін);
- «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автожолының 0–25 шақырымы (Атамекен кентінен Ақсу қаласына дейін).
Қарағанды облысы:
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті);
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066–1135 шақырымы (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы).
Жабық жолдар
Ауа райына байланысты мына автожолдарда қозғалыс шектелген:
Қостанай облысы:
- «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0–9 шақырымы. Су тасуының ұлғаюына байланысты (ұзындығы – 70 м, биіктігі – 20 см) және Ресей аумағындағы жолдардың жабылуына орай барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылған.
- Жолды ашу болжамы – 2026 жылғы 5 сәуір сағат 08:00.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0–30 шақырымы (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман жол айрығынан Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу бөлігінде).
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында күрделі таулы жағдайға байланысты тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді (46–66 шақырым, Солтүстік ауылы бұрылысы – Серебрянск қаласына бұрылыс аралығы).