16 Қыркүйек 2026, 22:52
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстанда бір тәулікте үш орман өрті тіркелді
Өрттер Қарағанды облысында, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының аумағында анықталған.
Бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді.
Өрттер Қарағанды облысында, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының аумағында анықталған.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» мамандары аумақтарды әуеден бақылап, жердегі өрт сөндіру жұмыстарына қолдау көрсетуде.
Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.