28 Тамыз 2026, 07:11
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстанда бір тәулікте үш орман өрті тіркелді
Жедел шаралардың нәтижесінде өрттің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмеді.
27 тамызда Қазақстан бойынша үш орман өрті тіркелді. Оның екеуі Ақмола облысында, біреуі Ақтөбе облысында болған.
Өрт ошақтары әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықталды.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті, «Қазавиаорманқорғау» мамандары, әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтар мен арнайы техника жұмылдырылды.
Жедел шаралардың нәтижесінде өрттің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын толық оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда.