6 Қыркүйек 2026, 18:18
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда бір тәулікте үш орман өрті шықты
Орман күзеті мен авиация күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Өткен тәулікте, 5 қыркүйекте Қазақстанда үш орман өрті тіркелді. Өрт Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында шыққан, деп хабарлады Экология министрлігі.
Тілсіз жаумен орман күзеті қызметкерлері және су төгу құрылғысымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы күресіп жатыр.
Бірқатар өңірде найзағайлы ауа райы мен аптап ыстық сақталуына байланысты өрт қаупі әлі де жоғары. Мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, әуеден және жерден патрульдеу жалғасуда, – деп хабарлады Экология министрлігі.