29 Қазан 2026, 07:12 Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді

Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өрт ошақтары қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.

2026 жылғы 28 қазанда мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді. Оның бірі Қостанай облысында, екіншісі Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері және қажетті техника жұмылдырылды. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өрт ошақтары қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.

Өрт қаупі кезеңі әлі жалғасып жатқандықтан, «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері мен орман күзеті өрттің алдын алу үшін жерүсті және әуе патрульдеу жұмыстарын жалғастыруда.

Мамандар азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және орман өрттерінің алдын алуға жауапкершілікпен қарауға шақырады.