29 Тамыз 2026, 21:15 Фото: depositphotos.com

Қазақстанда бір тәулікте 5 орман өрті тіркелді

Өрт ошақтары әуеден бақылау, арнайы анықтау құралдары және орман күзетінің күнделікті мониторингі барысында анықталған.

Бүгін, 28 тамызда Қазақстан аумағында 5 орман өрті тіркелді. Оның үшеуі Ақмола облысында, біреуі Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, тағы біреуі Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болды.

Өрт ошақтары әуеден бақылау, арнайы анықтау құралдары және орман күзетінің күнделікті мониторингі барысында анықталған.

Өртті ауыздықтауға мемлекеттік орман күзетінің мамандары, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК әуе өрт сөндіру бөлімшелері, авиациялық және арнайы техника жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің жақын маңдағы елді мекендер мен басқа орман алқаптарына таралуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын толық сөндіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жағдай бақылауда.