Қазақстанда «Байтақ» жаңа партиясы тіркелді

Партияның бірінші съезіне республиканың түкпір-түкпірінен 1450 адам келді. Бұл туралы партия басшысы Азаматхан Әміртай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ға сілтеме жасап.

Қазақстан тарихында алғаш рет «Байтақ» Жасылдар партиясы пайда болды. Бұл туралы партия басшысы Азаматхан Әміртай мәлімдеді.

Ол партияның соңғы жеті жылда шеше алған мәселелерін тізіп берді. Олардың қатарында Түркістан облысы Келес ауданындағы тас карьерінің жабылуы, мұнайлы Жылыой ауданы тұрғындарының мәселелері, сондай-ақ Іле ауданындағы жұмыстар бар.

Мұндай мысалдарды көп келтіруге болады.Съезге адамдар партияға сенгендіктен және патриотизм жай сезім емес, жанның табиғи қалауы болғандықтан келді. Олар құр бос сөз үшін емес, ауқымды мәселелелрді шешу үшін жұмылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келгендердің айырмашылығына қарамастан, біз бәріміз бір нәрсеге тоқталдық - біз өзіміз туралы емес, жалпы әл-ауқат туралы ойладық, - дейді Азаматхан Әміртай.

Партияның басты міндеті – елдің экологиялық мәселелерін шешу.

Партия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы