Қазақстанда байлар мен кедейлердің арасында неге алшақтық көп?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, мемлекет әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетіп, бюджеттің 50%-дан астамы әлеуметтік салаға жіберіледі.
БАҚ өкілдері Вячеслав Кимнің әл-ауқаты 4,2-ден 7,1 млрд долларға дейін артқан кезде бір миллиондай қазақстандық кедейлікте күн кешіп жатқанын еске салды.
Вячеслав Ким өз серіктестерімен ІТ саласында, соның ішінде Kaspi.kz-те ірі бизнес құрып, капиталдандырудың арқасында сондай деңгейге дейін өсті. Ал бұл әділетті ме? Иә, бізде әлеуметтік әлсіз топтар – мүгедектер, көпбалалы отбасылар, өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылар бар. Олардың әрқайсысы мемлекеттен де, жергілікті атқарушы органдар тарапынан да белгілі бір деңгейде қолдауға ие. Әлеуметтік мәселелер бойынша әкімнің арнайы орынбасарлары, адамдар және отбасылармен жұмыс істейтін аумақтық бөлімшелер бар, - деп түсіндірді Роман Скляр.
Сонымен қатар ол мемлекет әлеуметтік қолдау мәселелері мен еңбекпен қамту үшін жағдай жасауға ерекше мән беретінін алға тартты.
Тағы қайталап айтамын: елімізде әсіресе жастарға жұмыс істеуге мүмкіндіктер көп. Бұл бәлкім күш жұмсауды, оқуды, жаңа мамандықты меңгеруді талап ететін шығар. Адам өмір бойы оқып, дамуы керек. Жұмысқа тұрып, лайықты еңбекақы алуға мүмкіндіктер бар екенін айтамын. Бюджеттің 50%-дан астам шығыны әлеуметтік салаға бағытталады, - деді вице-премьер.