10 Наурыз 2026, 11:44 Фото: pexels.com

Қазақстанда баспана бағасы төмендей ме? Нақты жауап айтылды

Қазақстанда баспана бағасы жақын арада төмендемейді. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда баспана бағасы жақын арада төмендемейді. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұл жағдай негізінен 2000-жылдарда туған жас қазақстандықтар арасында тұрғын үйге сұраныстың жоғары болуымен байланысты. Мысалы 2000 жылы Қазақстанда шамамен 222 мың бала дүниеге келсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 322 мыңға жеткен.

Ибрагимова қазір осы буын белсенді түрде тұрғын үй сатып алып жатқанын айтты.

Соңғы жылдары елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Былтыр шамамен 20,5 млн шаршы метр (шамамен 150 мың пәтер) құрылыс салынды. Дегенмен, нарықта баспана сатылымы өте белсенді болып отыр.

Сонымен қатар, жыл сайын 120-130 мың отбасы некеге тұруы да тұрғын үйге сұранысты арттыруда.

Бағаның төмендеуі болмайды, бұл туралы мен сенімді айта аламын. Әр түрлі факторлар болады. Екінші нарықта, мүмкін, бәсеңдеу болады. Ал жаңа үйлерде баға құрылыс материалдары мен жалақыға байланысты өзгеруі мүмкін. Бірақ демографиялық көрсеткіштерді және қазіргі мәліметтерді ескерсек, бағаның төмендеуі күмәнді, – деді Ляззат Ибрагимова.

Бұған дейін "Ұмай" ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болған еді.