Қазақстанда барлық қала мен тасжол жылдам интернетке қосылады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана халықаралық форумы аясында өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің мобильді интернет әлемдегі ең арзан интернеттердің бірі. Біз «Қолжетімді интернет» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Келесі стратегиялық мақсатымыз – барлық қала мен тасжолды жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамтамасыз ету. Сонымен қатар ірі қалаларды 2025 жылға дейін 5G желісімен қамту жоспарда бар, - деді Мусин.

Сөзінше, бұрын мұндай мемлекеттік қолдау болмаған. Мусин жұмыс Әзербайжандық әріптестермен бірлесе жүзеге асып жатқанын қоса кетті.

Біздің мақсатымыз – Қазақстанда деректер орталықтарын ашу, - деп сөзін қорытындылады министр Шетелдік инвесторлар кеңесінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы