Қазақстанда балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында бірінші вице-министр Шолпан Каринова айтты.

Мектепке дейінгі деңгейде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жаңа модель бекітілді. Балаларды ерте жастан дамыту институты құрылды. Балабақшаларда беріліп жатқан тәрбие мен білімнің сапалылығын зерттеу құрылымы жасалды, - деп айтты Каринова.

Оның сөзінше, бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемелерді тәрбиешелерінң 27%-ында нақты осы деңгейдегі мамандықтары жоқ. Бүгінгі күні 51%-ы ғана тиісті квалификациялық санаттарын өзгертті. Сонымен қатар бір топқа бекітілген тәрбиешілердің жеткіліксіздігі олардың жұмысындағы ауыртпашылықты көрсетіп отыр.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әсіресе жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсарады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер енгіземіз, оның ішінде білікті педагогтермен қамтамасыз етіп, қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау үшін, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында талаптарды күшейтеміз. Сондай-ақ балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құру жоспарланған, - деп айтты Шолпан Каринова алқа отырысында жасаған баяндамасында.

Ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы