Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай тұрақталып тұр – министр түсіндірді
Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай тұрақтандырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жыл басынан бері 100,8% тамызда 0%-ды, қыркүйектің алғашқы үш аптасында 0,1% өсті.
Көкөніс тобы бойынша тамыз айының басынан бері бағалардың өсуін соның ішінде картоп, сәбіз және пияз бойынша орта есеппен 2,5 төмендетуге қол жеткізілді.
Сүт өнімдерінің бағасы жыл басынан бері аздап өсті, орташа есеппен 5,7% құрады. Қымбаттау өзіндік құнның артуымен байланысты. Тұз бен жұмыртқаның бағасын жыл соңына дейін бекіту үшін отандық өндірушілермен меморандумға қол қойылды. Макарон өнімдері, ұн және күріш бойынша индекс көрсеткіші төмендеген. Баға индексінің өсуіне негізгі үлесті сиыр еті қосып отыр.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін реттеуге жататын сиыр етінің тек жауырын-кеуде бөлігі ғана енгізілген. Соңғы бірнеше жыл ішінде тарифтердің жыл сайынғы өсуіне қарамастан оның құны ұсталып келді. Нәтижесінде көрші елдердегі жоғары сұранысқа байланысты оның бағасы ең қолжетімді әрі экспортқа тартымды болып отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр ішкі нарықты толықтыру үшін 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынғанын алға тартты. Сонымен қатар ет әкетуді ветеринарлық бақылауды күшейту және сиыр етін экспорттау квотасын тек ет өңдеуші кәсіпорындарға белгілеу жөніндегі ұсыныстар қолдау тапты.
Қосымша сиыр еті бойынша фермерлерден сауда желілеріне ет жеткізуді қамтамасыз ету үшін сауда желілерімен келісімге қол жеткізілді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді АШМ қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірлерінде шаруа қожалықтарына тегін сауда орындарын беру арқылы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде. Биыл жыл басынан бері елде 3700 жәрмеңке ұйымдастырылды, - деді Арман Шаққалиев.
Тек өткен демалыс күндері ел бойынша 57 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, онда 236 тоннадан астам сиыр еті сатылды.
Сонымен қатар ішкі және электрондық сауда субъектілерімен бірлесіп, тауар өндірушілермен тікелей келісімшарт жасау арқылы 1 ай мерзімге "БЕРЕКЕ-FEST" акциясын іске қосуды дайындап жатырмыз. Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы барысында тиімсіз делдалдар анықталып, жойылуда. "Қазақтелекоммен" бірлесіп, өндірушілерді, сауда желілерін және ӘКК-ні тікелей байланыстыратын, делдалдарды алып тастайтын агромаркетплейсті іске қосуды қарастырудамыз. Іске қосу жыл соңына дейін жоспарланған, - деп түсіндірді министр.
Отандық өнімдерге дүкен сөрелеріндегі қолжетімділікті қамту маңызды.
Бүгінгі таңда Заңмен отандық азық-түлік өнімдеріне дүкен сөрелерінің 30%-ын бөлу талабы қойылды. Азық-түлік емес тауарлар бойынша бұл түзетулер мемлекеттік органдармен келісілуде. Биылдан бастап мемлекеттік қолдау ретінде ішкі сауда субъектілерінің дүкен сөрелерін қосымша 20% отандық тауарлармен қамту шарты беріледі, - дейді Арман Шаққалиев.