Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай реттелді? Жұманғарин айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысында агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы түсіндіріп берді.
2021 жылы агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарында бірқатар жұмыс жүргізді.
Серік Жұманғарин атқарылған жұмыстарға жеке тоқталып өтті.
- тауық жұмыртқасын, тауық етін, қантты, күнбағыс майын, қарақұмық жармасын, сауда желілері бойынша, сүт өнімдерін, рожки және ұн бойынша өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге қатысты 114 хабарлама шығарылды. Оның 94-і орындалды.
- 16 тергеп-тексеру тағайындалды;
- монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама шығарылды;
- бағаны көтеру мүмкіндігі туралы жария мәлімдегені үшін өндірушілерге 11 ескерту шығарылды;
- өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен 199 комплаенс жасалды.
- Смолл, Магнум, Анвар, Дина, Алтын фуд шарттарында сауда желілері тарапынан 11%-ға дейін сыйақы белгілеудің 75 фактісі анықталды. Материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін әкімдіктерге жолданды.
Ең көп өсу байқалған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар нарықтарында монополияға қарсы бақылау шаралары бағаның апта сайынғы өсу серпінін 0,6-дан 0,0% - ға дейін азайтты және тұтастай алғанда, бағаның өсуінің экспоненциалды трендін төмендетті. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарындағы жағдайды тұрақтандырды, - деп айтты Серік Жұманғарин алқа отырысында.