Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды
Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері.
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы әйелдер саны 10 488 074-ке жетті.
Әйелдердің жасы бойынша үлесі:
0-15 жас – 29,1%
16-60 жас – 55,5%
61 жастан жоғары – 15,4%
Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:
Алматы қ. – 1,2 млн
Түркістан облысы – 1 млн
Астана қ. – 803,5 мың
Алматы облысы – 778,5 мың
Әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас
Әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі – 48% (4,4 млн әйел)
Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%
Жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санындағы жұмыс істейтін салалардағы үлесі:
Білім – 20%
Сауда – 19%
Денсаулық сақтау – 10%
Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%
Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар саны ең көп – 1,3 миллион әйел
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халқы қаншаға жеткенін хабарладық.