Қазақстанда Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды. Бұл туралы BAQ.KZ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Ақтауда өткен Халықаралық іскер әйелдер конгресінде жаңадан құрылған комитет әйел кәсіпкерлердің жұмысын одан әрі жандандыратынын айтты.

«Бір ауыл – бір өнім» бағытында 20 өңірде арнайы көрмелер өтіп, жергілікті шикізаттан шығарылатын 33 жоба келесі сүйемелдеу кезеңіне өткен. 60-ға жуық жаңа бренд нарыққа шығып, жоба қатысушылары – Маңғыстау облысы Құрық ауылының алғашқы өнімін экспорттаған.

Бүгінгі таңда Ұлттық палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесі 2 мыңға жуық бизнесте белсенді, ұлттық өнімге үлес қосып жүрген кәсіпкер әйелдерді біріктіреді. Палата «Мен кәсіпкермін» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін ашамын және әрі қарай дамытамын деген халыққа, арнайы салалық оқыту мен брендін өндіруге дейін көмек көрсетіп жатыр. Яғни, бұл бағытта кәсіпкерлердің саны артқанын көріп отырмыз. Енді жаңадан құрылған комитет әйел кәсіпкерлердің жұмысын одан әрі жандандырады деген сенімдеміз, – деді Айдана Тоғызбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы