Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 7 жыл артық өмір сүреді
Қала мен ауыл тұрғындарының өмір сүрудегі айырмашылығы туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде азаматтардың өмір сүру ұзақтығына келсек, ауыл мен қала тұрғындарының жас айырмашылығы жоқ. Бізде ерлер мен әйелдер арасында айырмашылық бар. Яғни әйелдер ерлерге қарағанда 7 жыл артық өмір сүреді. Бұл еуропа елдерімен салыстырғанда тым көп. Осыған байланысты аурулардың алдын алу сияқты жұмыстарды күшейтуіміз керек, - дейді Әлназарова.
Министр ауылдық елді мекендерге дәрі-дәрмек тасымалдау мәселесіне де тоқталды.
Бұл мәселе екі бағытта шешіліп жатыр. Біріншіден, шалғай аудандардағы жеке дәріханалардың көптеп ашылуы оң септігін тигізді. Екіншіден, тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың дәрілері аудан мен орталықтарға жеткізіліп отырады. Негізі мәселе жоқ емес, бар. Қазіргі таңда қосымша зерттеу жүргізіліп, ұсыныстар дайындап жатырмыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.