21 Желтоқсан 2024 2024, 22:42
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді
2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылы Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Чемпионат аясында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев Халықаралық және Азия федерацияларының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде, 2025 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.