Қазақстанда ауылдық жердегі 121-ші ерікті өрт сөндіру пункті ашылды
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Ақсуат ауылы аумағында ҚР ТЖМ-нің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 121-ші ерікті өрт сөндіру пункті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашылу салтанатына Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Түйменов Жасұлан, Қазалы ауданының әкімі Есмаханов Алмасбек, жергілікті билік өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа пункттің ашылуы жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен ҚР ТЖМ басшысы Шыңғыс Әріновтің бастамасымен жүзеге асты және елдегі ерікті өртке қарсы құрылымдарды дамытуға үлес қосады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жапонияның солтүстігінде қуатты жер сілкінісі тіркелді
Өзгелердің жаңалығы