Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын тіркейтін мобильді қосымша пайда болады
Үкімет мүшелері ауыл шаруашылығы жануарларын тіркейтін VET-Mobile мобильді қосымшасын енгізу мәселесі талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 10 желтоқсанда цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жыл сайынғы тізімдемесін жүргізуге мүмкіндік беретін VET-Mobile мобильді қосымшасын енгізу мәселесі қаралды, - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, бұл қосымша ветеринар дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді және ол интернетсіз жұмыс істей алады, бұл шалғайдағы елді мекендер үшін аса маңызды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында үш күнде 106 құқық бұзушылық анықталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы