Қазақстанда ауа райы құбылады: Синоптиктер болжам жасады
10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы.
2026 жылғы 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, оңтүстікте жазғы жылы ауа райы сақталады.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік-шығысында 12 қыркүйекте жаңбыр жауады. Бірақ жылы ауа райы сақталады. Сондай-ақ батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын әлсіреп, ауа райы біртіндеп тұрақтанады.
Ауа температурасы солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде +13…+23°С-қа дейін, орталықта +15…+25°С-қа дейін төмендейді. Ал батыста температура біртіндеп +20…+28°С-қа дейін жоғарылайды.