Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылуы мүмкін бе?

Елімізде атаулы әлеуметтік көмектің алдағы уақытта қалай және кімдерге төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Айтуынша, әр отбасыны қиын жағдайдан шығару – ортақ мақсат.

Атаулы әлеуметтік көмек жалғасады. Жағдайы төмен отбасылар оның ішінде, жұмыс істемейтін әкесі немесе анасы болса Атаулы әлеуметтік көмек алады. Мемлекет тарапынан ондай қолдау болады. Біздің мақсатымыз – әр отбасыға талдау жасап, оның ішінде жұмысқа жарамды адам болса жұмысқа орналастырып, сол отбасыны қиын жағдайдан шығару, - деп жауап берді министрдің орынбасары. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы