Қазақстанда "ақылды" су есептегіштер енді жаппай орнатылады

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов су саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктер мен табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізілуде. 2026-2028 жылдары 3,6 миллионнан астам «ақылды» су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда, – дейді вице-министр.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы халыққа жолдауында су саласында халықаралық тәжірибе мен біліктілікті қолдануды, соның ішінде басқарушы компанияларды тартуды тапсырған болатын.

Осы тапсырманы орындау мақсатында өткен жылы жетекші еуропалық және азиялық басқарушы компаниялармен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде әлем бойынша, соның ішінде АҚШ, Франция, Италия, Испания, БАӘ, Жапония, Сингапур, Катар және басқа елдерде тәжірибесі бар ең ірі халықаралық желілік операторлар – Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, – деді ол.

Атап өтетіні, бұл формат активтерді беру емес, мемлекет бақылауын сақтай отырып, басқарушылық компетенциялармен халықаралық үздік тәжірибелерді тартуға бағытталған.

Қазіргі уақытта бірнеше азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда, – деді Қажкенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы