11 Қараша 2025 2025, 10:18 Фото: - архив

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі таңда ел аумағында 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған.

2 907-ден астам лицензия және 251-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт бар. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет Көк-Жон (Болаттобе учаскесі), Алтын-Шоко, Самомбет, Студенттік және Тақыр-Қалжыр кен орындары мемлекеттік есепке алынды. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың мысқа, 11 млн тонна марганецке және 1,3 млн тонна фосфоритке артты, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылы ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін 2 млн 200 мың шаршы километрге дейін кеңейту көзделген.

Бүгінде 2 млн 14 мың шаршы километр аумақ зерттеліп отыр. Жыл соңына дейін бұл көлем 2 млн 38 мың шаршы километрге дейін ұлғайтылатын болады, - деді вице-министр.