Бүгiн 2026, 12:31 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда алғашқы Stadler вагондары сәуірде іске қосылады

Бірқатар мәселе талқылануда.

Қазақстанда «Тальго» құрамдарының орнына жеткізілетін алғашқы Stadler жолаушылар вагондарын сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, жаңа вагондардың іске қосылуы көп күттірмей жүзеге асады. 

Мерзім жағынан алғанда – сәуір. Қазір "Қазақстан темір жолы" мен Stadler арасында техникалық талаптарға байланысты бірқатар мәселе талқыланып жатыр, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ол Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Вице-министр сондай-ақ биыл жалпы 191 вагон шығару көзделіп отырғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін 2029 жылға дейін елдегі барлық жолаушы вагондары жаңартылатыны айтылған болатын.