Қазақстанда алғаш рет заманауи агенттік құрылады

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаев Мәжілістің жалпы отырысында Экспорттық-кредиттік агенттік туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экспортты ігерілету жолындағы KazakhExport базасында оған барлық қажетті құралдар шоғырланған толыққанды экспортты игерілету институтын құруға баса назар аударғанын еске сала кетейік.

Сауда және интеграция министрлігі «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» мен бірлесе отырып, «Экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлар экспортын жылжыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен бірге әзірледі, - деді Қайрат Төребаев.

Оның сөзінше, заң жобасы сақтандыруға және қайта сақтандыруға арналған лицензиясыз әрекет ететін, ЭКА аясында шикізаттық емес экспортты қаржылық қолдау және дамытудың негізгі шараларын біріктіруге мүмкіндік беретін экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған.

ЭКА құру барысында аналогты үлгіде нақты функцияларды, мысалы, сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік беру, уағдаласылған салымдар, субсидиялау, яғни өзге компаниялардың функцияларымен қайталанбайтын функцияларды қарастыру ұсынылады, - деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігінің өкілі.

ЭКА жұмысынан күтілетін нәтижелер:

Біріншіден, 2025 жылға орай 41 млрд АҚШ долларына дейін шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемінің өсуі туралы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы индикаторына қол жеткізу.

Екіншіден, экспорттаушыларды қолдау бойынша маңызды функцияларды иеленетін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дамыған елдерінің тәжірибесі бойынша Қазақстанда алғаш рет заманауи экспорттық-кредиттік агенттік құру.

Үшіншіден, операциялық қызметке араласпастан, Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға ЭКА есеп беру және бақылауында болу механизмдерін құру.

Жалпы ел экономикасын дамытуға, экспорттау географиясын кеңейтуге, халықаралық ынтымақтастыққа, өнімді сату есебінен республикалық бюджетті толтыруға және салықтарды төлеуге, ЭКА қолдау тапқан экспорттаушылармен жаңа жұмыс орындарын құруға және т.б. елеулі түрде үлестер қосады. Заң жобасында «Сауда қызметін реттеу туралы» заңында ЭКА құқықтық мәртебеін көздеу ұсынылады, яғни шикізаттық емес экспортты дамыту және жылжыту саласында ұлттық институт мәртебесін иеленетін, Үкіметтің шешімі бойынша айқындалатын заңды тұлға ұғымы түсіндіріледі, - деп түсіндірді Қайрат Төребаев Мәжілісте.

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы