Қазақстанда алғаш рет мектепте жаңа лауазым ресми түрде енгізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

- Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
- Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
- Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
- Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
- Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов архив
Өзгелердің жаңалығы