Қазақстанда алдағы үш жылда ЖІӨ 229,8 трлн теңгеге дейін өседі
2028 жылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнім айтарлықтай өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2028 жылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнім айтарлықтай өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Базалық нұсқаға сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі болжам бойынша 5,4 %, 3 жылдағы орташа жылдық өсім – 5,3 %-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсіммен қамтамасыз етілетін болады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар вице-премьер өңдеуші өнеркәсіптегі инвестициялық жобаларға тоқталды.
Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2 %-дан 2028 жылы 6,6 %-ға дейін ұлғаюы болжанады. Тау-кен өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсім 2,8%, ауыл шаруашылығында – 3,9%, құрылыста – 11,0%, көлік қызметтерінде – 10,1% және саудада – 6,7%-ды құрайды. Оң сауда балансы сақталады. Экспорт болжам бойынша 2026 жылы 77,1 млрд доллардан 2028 жылы 83,7 млрд долларға дейін, импорт – 67,7-ден 75,2 млрд долларға дейін өседі, - деді Серік Жұманғарин.