Қазақстанда АЭС-тың құрылысы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясының құрылысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатқанын айтты.  

Атом электр станциясын салу – ұзаққа созылатын мәселе. Қазіргі уақытта геологиялық, тектоникалық, сейсмологиялық зерттеулерді, табиғи рельефтерді, ландшафттарды, судың қолжетімділігін, адам ресурстарын ескере отырып, орналастыруға болатын орындарға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жасалуы керек нәрселер, - деді Энергетика министрі.

Министрдің сөзінше, атом электр стансасын салуға қолайлы жаңа орындар әлі анықталған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы